«Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-де кәсіби бағдар беру мақсатында 9 және 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

2025 жылғы 14 мамыр күні Абай облысы Білім басқармасының «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-де кәсіби бағдар беру мақсатында 9 және 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Оқушыларға колледж бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Экскурсия барысында олар сұранысқа ие мамандықтар, оқу орнын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Шара аясында оқушылар геология, гидрогеология, бұрғылау, геофизика және экология бағыттары бойынша интерактивті тапсырмалар мен квесттерге қатысты.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, колледж оқытушылары, студенттерімен еркін әңгімелесті. Сонымен қатар, оқу орнын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мен мансаптық даму мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық оқушылар мен педагогтерге алғысымызды білдіреміз!
Геологиялық барлау колледжі – кәсіби болашаққа нық қадам!