«Өндірістегі 10 күн»

«Өндірістегі 10 күн» бастамасы аясында — атап айтқанда, «Жаңа технология – жаңа дағды» тақырыбына арналған 5-күннің жоспарына сәйкес — 18 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Mining & Metals Central Asia 2026» көрмесіне бару ұйымдастырылды.
Көрмеде әлемдік жетекші өндірушілердің тау-кен өнеркәсібіне арналған озық техникасы, аспаптары, жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамалары ұсынылды.
Іс-шара барысында түрлі компаниялардың өкілдерімен тікелей өндіріс орнында дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізу, сондай-ақ арнайы бағдарламалық жасақтамаға білім беру лицензияларын алу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мұның барлығы мамандар даярлау ісіне оң әсерін тигізеді.