Геологтар күні

Геологтар күні жыл сайын сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтілуде. Бұл мереке уақыты 1966 жылдан бері өзгеріссіз аталып келеді. Геологтар күні мерекесі КСРО Президиумының 1966 жылғы 31 наурыздағы жарлығымен белгіленген.
Кәсіби мереке қарсаңында «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-да құттықтау концерті өткізілді. «Гаухартас» театр үйірмесінің студенттері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі туралы қойылым көрсетті. Сондай-ақ, геология туралы қызықты бейнероликтер көрсетіліп, студенттер ән айтып, би биледі, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Геологтарды, сондай-ақ осы салаға байланысты барлық маман иелерін төл мерекемен құттықтаймыз. Ғылыми жаңалықтар, нәтижелі зерттеулер, жоғары жетістіктер тілейміз.