
2025 жылдың 9 сәуірінде «Геологиялық барлау колледжінде» КМҚК
Мас-рестлинг (таяқ тарту) жарысының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға Абай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Джакупова Г.С., Астана қаласынан AGT Global компаниясының бас директоры, Қазақстандағы мас-рестлинг қозғалысының жетекшісі Г.Т.Абдрахманова, Ақмола облысы бойынша мас-рестлинг Федерациясының жетекшісі Гусманов С.С., Шәкәрім университеті және облыстық әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.
Геологиялық барлау колледжі спорттық ойындарды қайта жаңғырта отырып, наурыз айында таяқ тарту спортына арналған жаттығу құралдарын сатып алдық. Сонымен қатар, колледж оқытушылары осы спорт түріне байланысты біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, мас-рестлинг бойынша жаттықтырушы және төреші сертификаттарын алды.
Колледж студенттері таяқ тарту ойынына қатысып, жарыс жеңімпаздары марапаттарға ие болды.