SKAFFOLD-құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау

13.05.2025 ж  Геологиялық барлау колледжінде

 «SKAFFOLD-құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау»  тақырыбында оқыту семинары өтті. Осы тақырып бойынша  12.05-05.06.2025 ж аралығында «Талап» ҰАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылар тәжірибелерімен бөлісті. 

Семинардың мақсаты–  құзыреттілікке бағытталған сабақтарды жобалауға қажетті педагогикалық құзыреттерді дамыту және жетілдіру. Бағдарлама бойынша  оқу процесін жоспарлау, білім алушыларды материалды меңгерудің әртүрлі кезеңдерінде қолдау және оқытудың сапасын арттыру мақсатында заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Семинардың міндеті:

Scaffold құралын білім беру тәжірибесінде меңгеру және қолдану;

Білім беру қызметіне құзыреттілікке негізделген тәсілді интеграциялау;

Инновациялық және бейімделген білім беру тәжірибелері арқылы құзыреттілікке бағытталған сабақтарды жобалауболып табылады.

 Семинарға қатысушылар Scaffold құралы – бұл сабақтарды жоспарлау кезінде оқытушыларға әдістер мен әр кезеңде қадамдық нұсқаулықтар ұсынатын бес топқа бөлінген 102 карточкадан тұратынын және бұл оқыту процесіне негізгі құзыреттіліктерді біріктіретін және олардың білім алушылардың дамуына ықпал ететін педагогтерге оқу сабақтарын жобалауға көмектесу үшін әзірленген карточкалар жиынтығы екеніне көз жеткізді. Сондай-ақ, курстан өткен 5 оқытушының  осы үлгіде жасалған сабақ жоспарларымен танысып, әдістемелік бағыттағы сұрақтарға жауап алды.