2025 жылдың 1 қыркүйек күні «Геологиялық барлау колледжінде» Білім күніне арналған «Білім күні. Бейбітшілік күні» атты салтанатты іс-шара өтті. Биыл колледж өз есігін бірінші курс студенттеріне айқара ашып, оларға геология ғылымы және кәсіби білім әлеміне жол көрсетті.
Жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 1-2 курс студенттері мен ата-аналар қатысты. Колледж ұжымы барлық білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс пен жарқын болашақ тіледі!
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті. Барлық қатысушылар алдағы оқу жылына оң эмоциялар мен мотивация алды.