Қаржылық сауаттылық — жеке және цифрлық қауіпсіздіктің элементі

Оқушылардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтың алдын алу мақсатында, студенттерге жеке деректерді, ақша қаражаттарын және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлу ұсынылады. Қазіргі таңда онлайн-сервистер мен технологиялардың қарқынды дамуы азаматтардың психологиялық әсер мен адастыруға негізделген алаяқтық схемаларына тартылу қаупін арттырады.

Қаржылық операцияларға жауапты және саналы қатынас қалыптастыру, алаяқтық белгілерін тану және ақпараттық, цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтау жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақпарат колледждің барлық курстары үшін өзекті болып, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарында пайдаланылуы мүмкін.

Қаржылық сауаттылық және алаяқтықтан қорғау бойынша қосымша материалдар мен кеңестерді YouTube-каналы @fingramota3919 арқылы ала аласыздар.