2026 жылдың наурыз айының 3-і күні «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-да Абай облысы Білім басқармасы және Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының қолдауымен Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының колледж студенттері арасында Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Үздік презентация» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Әлихан Бөкейханның саяси қайраткер,ғалым, публицист ретіндегі мұрасын жан-жақты зерделеп, оның еңбектерін бүгінгі жаңа цифрлық Қазақстан кезеңімен байланыстыра қарастырып, заманауи тұрғыда насихаттау және ұлт көсемінің тәуелсіздік идеяларын өмірде кеңінен қолдана отырып, жас ұрпақтың бойына сіңіру, жұмыс жасауға бағыттау.
Конкурсқа Абай облысының 12 колледжінен 53 студент қатысты. 2 кезеңге 11 қатысушы өтіп, өздерінің жұмыстарын қорғады.
Үздік презентация байқауының ерекшелігі:
— барлық қатысушылар Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына байланысты зерттеушілік жұмыстарымен көзге түсті;
— техникалық тұрғыда қатысушылардың ізденістері байқалды;
— байқау талабына сәйкес презентация жасағанда бағдарламаның мүмкіншіліктерін сәтімен қолданғаны көрініп тұрды;
— қорғау барысында қатысушылардың ойжинақтығы, сөз мәдениеті, әдемі сөйлеу, ойларын жеткізе білу презентациямен сәйкес болды;
— жасанды интеллектты презентацияда қолдану алу шеберлігі.
Байқау қорытындысы бойынша М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері Асқарова Айгерім, Асқарбекова Алина І дәрежелі, «Семей» Жоғары медициналық колледжінің студенті Бурат Аяулым Ернатқызы ІІ дәрежелі, ІТ және жаңа технологиялар Жоғарғы колледжінің студенті Рахымжанов Тимур ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Барлық қатысушыларға Абай облысы Білім басқармасының сертификаттары берілді.