Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз – тек көктемнің келуі емес, бұл – жаңа өмірдің, жаңарудың, береке мен бірліктің нышаны. Күн мен түн теңеліп, табиғат оянып, жер жадырайтын шақ. 20 наурыз күні Геологиялық барлау колледжінде «Қош келдің, Әз-Наурыз – 2026» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Мереке бағдарламасы төрт бөлімнен құрылды:

🏡 «Ауылым – алтын бесігім» – әр топ жылдың атаулы даталарына орай ауылдарға бөлініп, өз ауылын таныстырды;

🍯 «Берекелі дастархан» – мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар дәмденді;

🎶 «Наурыз-думан» – әсем әндер шырқалып, тәтті күйлер күмбірледі;

🏇 «Наурыз ойындары» – ұлттық ойындар ойналып, көңілді сәттер туды.

Мереке бірлік пен татулықты нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ақ баталар беріліп, жақсы тілектер айтылды. Әр шаңыраққа шаттық пен береке келсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!