Мас-рестлинг: көшпенділер рухы және жаңа жетістіктер

2026 жылғы 8 сәуірде Абай облысы Білім басқармасының «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында көшпелі түркі халықтарының ұлттық ойыны — мас-рестлинг бойынша семинар өтті. Бұл спорт түрі Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының бағдарламасына енген. Семинарға 130-ға жуық мектеп пен колледждің оқытушылары, оқушылары мен студенттері, спорт мамандары қатысты.

👨‍🏫 Колледж оқытушылары Қамзин Қуаныш Нұрлыбекұлы және Рүстемов Руслан Зейнұллаұлы: · мас-рестлинг тарихы мен дамуы туралы баяндама жасады; · жаттығу процесі мен спортшыларды дайындау тәжірибесімен бөлісті; · колледждің алғашқы жетістіктерін көрсетті.

🏆 Астанадағы 1-ші Халықаралық турнирде колледж студенттері екі қола медаль жеңіп алды. Семинардың практикалық бөлігінде:

· төрелік ету жұмысы;

· техникалық әрекеттерді меңгерту;

· спортшылардың көмекте көрсеткен жаттығулары.

Қорытындысында барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Қ.Н. Қамзин пен Р.З. Рүстемов халықаралық турнирлерде төрелік етуге құқық беретін судья сертификаты мен лицензия алды. ✅ Бұл семинар Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытудың маңыздылығын және Геологиялық барлау колледжінің осы бағыттағы белсенді ұстанымын көрсетті. Іс-шараға өз үлестерін қосқан «М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің» «Кербез» би тобына алғысымызды білдіреміз