Ашық есік күні

2026 жылы 16 сәуірде Абай облысы білім басқармасына қарасты «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-де 9 және 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні өтті. Іс-шара үлкен қызығушылық тудырып, колледжге 700-ден астам оқушы келді.
Мектеп оқушылары үшін колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар заманауи мамандықтармен танысты, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен кәсіби даму жолдары туралы мәлімет алды. Әсіресе геология, гидрогеология, бұрғылау, геофизика және экология бағыттары бойынша өткізілген интерактивті тапсырмалар мен квесттер ерекше назар аудартты.
Оқушылар іс-шараларға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, оқытушылар және студенттермен пікір алмасты. Бұл олардың болашақ мамандық туралы толық түсінік алуына мүмкіндік берді.
Барлық қатысушылар мен ұстаздарға қызығушылықтары мен белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.

Геологиялық барлау колледжі — табысты болашаққа сенімді қадам 🚀