«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» атты Республикалық студенттік форум

2026 жылы 15 мамырда Абай облысы Семей қаласындағы «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында «МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» атты республикалық студенттік форум өтті.

Форумның мақсаты – геологиялық мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру, талантты жастарды қолдау және студенттердің кәсіби өзін-өзі тануын дамыту. Іс-шараны «Talap» КеАҚ және Абай облысы Білім басқармасының «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК ұйымдастырды.

Форумға Ұлытау облысы, Қызылорда облысы, Абай облысынан командалар, сондай-ақ Ресей Федерациясы Новосибирск қаласынан халықаралық команда қатысты.

Форумға өндіріс саласының өкілдері сарапшы ретінде арнайы қатысып, төрелік етті.
▪️ Сүлейменов Жолдас Асқарұлы — «Nordgold» АҚ ФИК «АЛЕЛ» компаниясының бас геологы
▪️ Бақытбек Диана Мұратбекқызы — «Алтыналмас» АҚ ресурстық геологы.

Форум болашақ мамандар үшін тәжірибе алмасу, жаңа идеялар ұсыну және кәсіби дамуға жол ашатын маңызды алаңға айналды.

🏆 Жүлделі орындар:

🥇 І орын — «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы

🥈 ІІ орын — Қызылорда облысының «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» КМҚК

🥈 ІІ орын — Новосибирск облысының «Сібір геофизикалық колледжі» мемлекеттік бюджеттік кәсіби білім беру мекемесі, Новосибирск қаласы

🥉 ІІІ орын — Абай облысының «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК

🥉 ІІІ орын — Абай облысы Білім басқармасының «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! Келесі кездескенше!