8 қазанда Геологиялық барлау колледжінде «Жер қойнауының индустриясы: жабдықтар және инновациялар» атты өндірушілердің заманауи жабдықтар көрмесінің ашылуы өтті.
Студенттер заманауи жабдықтарды көзбен көріп, олардың мүмкіндіктерімен танысып, компания өкілдерімен тікелей пікір алмасты.
Көрмеге қатысқан компаниялар:
🔹 GeoDevice
🔹 «Prolabsupport» ЖШС
🔹 Sensors
🔹 «Терекалмаз»
🔹 «Минова Казахстан» ЖШС
🔹 «Quantum KZ» ЖШС
🔹 «Техноаналит» ЖШС
🔹 «GeoLabService» ЖШС
Көрме ертең, 9 қазан күні де өз жұмысын жалғастырады. Студенттер мен қонақтар көрмеге қайта келіп, ұсынылған жабдықтармен жақынырақ танысып, саланың заманауи технологиялары туралы көбірек ақпарат ала алады.
Заманауи жабдық — заманауи құзыреттер — болашақ мамандар! 🚀