7 қазанда «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-да мерейтойлық апталық аясында «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыруға қосқан үлесі» атты X облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Геология саласының құрметті қызметкері» Әлмұханов Марал Әлбекұлының рухына арналды.
🔬 Конференцияға Абай облысының 18 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан 168 студент қатысты. Ғылыми жұмыстар 6 бағыт бойынша ұсынылды.
✨ 10 жыл бойы конференция жас зерттеушілерді біріктіріп, ғылыми ізденіс пен кәсіби дамуға жол ашып келеді!