Геологиялық барлау колледжінің 95 жылдық мерейтойына орай «Геологияда әлем өзгеше» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
Көрмеде колледждің қалыптасу тарихы, әр жылдардағы түлектердің кәсіби жолы, студенттердің өндірістік тәжірибесі мен студенттік өмірдің жарқын сәттері фотосуреттер арқылы көрініс тапты.
95 жыл ішінде колледж қабырғасынан 18 мыңнан астам маман түлеп ұшты. Бүгінде түлектеріміз Қазақстанда және әлемнің 20-дан астам елінде кәсіби қызмет атқарып келеді. 🌍
📸 Әр сурет — бір тарих.
⛏️ Әр түлек — колледж шежіресінің бір бөлігі.
🎓 Әр студент — 95 жылдық тарихтың жалғасы.
95 жыл — тарих, дәстүр және ұрпақтар сабақтастығы!