Геологиялық барлау колледжінің 95 жылдық мерейтойына орай жаңа мамандандырылған оқу кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті!
🏢 «Ұңғымаларды жобалау» кабинеті – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық қолдауымен және «Волковгеология» АҚ-ның ұйымдастыруымен ашылды.
💻 «Цифрлық геология» зертханасы – «ГРК МЛД» ЖШС, Verum Group Holding Pte. Ltd. және Silk Road Resources Ltd. компанияларының қолдауымен іске қосылды.
Жаңа оқу кабинеттері студенттердің кәсіби білімін жетілдіруге, заманауи технологияларды меңгеруге және тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
🤝 Колледжіміздің дамуына үлес қосқан барлық серіктестерімізге алғыс білдіреміз!
95 жылдық тарих – заманауи біліммен жалғасуда!