Геологиялық барлау саласына кадрлар даярлау жөніндегі Форсайт-сессиясы

Білім беру бағытындағы басты оқиға — «Геологиялық барлау саласына кадрлар даярлау жөніндегі Форсайт-сессиясы» болды. Оған ірі бейінді кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу құрылымдарының басшылары мен жетекші мамандары қатысты. Олардың қатарында: «Ақ-Ниет Бурга» ЖШС, «Казахмыс Барлау» ЖШС, «Волковгеология» АҚ, «Алел» ФИК, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны», Minerals Operating, «АК Алтыналмас» АҚ, GeoLabService, KAZ Minerals Bozshakol, Qazaq Geophysics, «Семейгидрогеология» ЖШС, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және тағы басқа компаниялар мамандары. Сессия қатысушылары колледждің білім беру бағдарламаларын егжей-тегжейлі талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша колледждің білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының заманауи талаптарына сай өзектендіру жөніндегі ұсыныстар енгізілген резолюция қабылданды.