Деректер көбейгенімен, мәселелер сол күйінде: геологиялық интерпретацияның эволюциясы

Driver бағдарламасында алтын мөлшерінің жергілікті үздіксіздігін визуализациялау.

Геологтарға әрдайым деректер жетіспейді. Ақпарат көлемі үнемі артып отырғанына қарамастан, негізгі міндет өзгеріссіз қалады: геологиялық бақылауларды геологиялық модельдерге айналдыру қажет.

Қазақстан сияқты тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан және бірнеше металлогендік белдеулер қатар орналасқан елдерде бұл міндеттің өзектілігі одан әрі арта түседі. Эпитермальды алтын кенді жүйелер, порфирлі кен орындары, скарнды кен шоғырлары, жанартаулық массивті сульфидті жүйелер және құрылымдық факторлармен бақыланатын түсті металл кендену көріністері көбінесе геометриясы мен тұтастығының айтарлықтай жергілікті өзгергіштігімен сипатталады. Сондықтан жобалар дамыған сайын бастапқы геологиялық түсіндірмелерді қайта қарау және нақтылау қажеттілігі туындайды.

www.seequent.com
sabina.shonova@seequent.com
Тел.: +7 701 734 0132