Темекі мен насыбайдың зияны

 2020 жылдың 22 ақпаны күні № 2 жатақхана қабырғасында тәрбиеші Г.Т.Жомартованың жетекшілігімен «Темекі мен насыбайдың зияны» тақырыбында жатақханада тұратын студенттермен әңгімелесу шарасы өтті. Шарада студенттер дайындаған баяндамалар мен слайдтар студенттер назарына ұсынылып, сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Шараның мақсаты: студенттердің зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыра отырып, темекі мен насыбайдың  ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлерін білуге тәрбиелеу.