«Ізгілік академиясы» еріктілер клубы

Көктемнің алғашқы күні еріктілер   №8 балалар үйінің тұрғындарын «AVENU»  сауда орталығындағы ойын-сауық кешеніне алып келіп, жас балдырғандардың көңілін көтерді. Балалар әр түрлі ойындар ойнап уақыттарын қызықты өткізді.

Бұл қызықты кеш осымен аяқталмай тәтті отырыспен жалғасын тапты.  Дастархан басында балалар тәтті тағамдардан дәм татып, әр түрлі қызықты жұмбақтар шешіп, зейіндерін арттырды. Осы қызықты өткізілген сәттер үшін балалар еріктілерге өз алғыстарын білдірді.