Наурыз мейрамының жетінші күні – «Ұлттық тағамдар күні». Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған. Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған жылдық күнтізбеге енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері де дәл осы күні жаңғыруы қажет. Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!
Седьмой день празднование Наурыза – «День национальной кухни». Казахстанцы издавна потребляли натуральные продукты. С раннего возраста он понял, что чистая еда очень полезна для здоровья человека. Наши предки, занимавшиеся животноводством, готовили много еды, особенно из мяса и молока. В День национальной кухни, который входит в годовой календарь масштабного празднования мартовской Думы, наших оригинальных блюд нужно готовить в изобилии. При этом некоторые забытые продукты в этот день нужно оживить. В День национальной кухни популяризируем вкуснейшие блюда, доставшиеся нам от предков!
#наурыз #ұлттықтағамдаркүні #деньнациональнойкухни