Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне арналған «Құрметтеу күні» көктемнің жаңғыру,жаңару мейрамы,ол мейрам атадан балаға мұра болып сақталған.Туған жердің әдет – ғұрпы мен салт дәстүрін құрметтеу қасиетін бойға сіңіртеді. Бұл күні әдетте отбасымызбен мерекелік дастархан үстінде жиналып,бір –бірімізге жақсылық пен бақ – береке тілейміз. Біз басқаларға құрметпен қарайтын болсақ,бұл олардың құндылығы мен рухани құндылығын түсінетінімізді көрсетеді.Кез келген қарым – қатынаста сыйластық маңызды.Қарым қатынас сәтті болу үшін келіспеушіліктер туындаған кезде де бір – біріне деген үлкен құрмет болуы керек. Қазіргі әлемде сыйластық азаятын сияқты көрінгенімен,біз айналамыздағы адамдарға жанашыр болып, олардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуіміз керек.