Adaldyq dukeni

2021 жылдың маусымның 2-сі бас ғимараттың 1 қабатында өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген Геологиялық барлау колледжінің «Саналы Ұрпақ» студенттік клубының ұйымдастырылуымен «Адалдық дүкені» ашылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті тауарларды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырады. Жобаның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру . «Адалдық дүкені» ашылуының алғашқы күнінен бастап студенттер оң пікірлерін білдірде.

#СаналыҰрпақ

#ГБКадалдықдүкені

#ГБКантикоррупция

#Адалдықдүкені

#Геологиялықбарлауколледжі