Марафон добрых дел

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бастамасын іске асыру шеңберіндегі Қайырымды істер марафонына қатысу мақсаты:колледждің жастарына ізгі істерді насихаттау, жастарды мейірімділікке, әділеттілікке, адалдық пен жанашырлыққа тәрбиелеу. 2021 жылының 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күнінде волонтерлар ұйымының «Жақсылық академиясының» мүшелері ШҚО Семей қаласының №8 балалар үйіне барып, кішкентай тәтті сыйлықтар беріп, балаларды құттықтады. Қатысқандар саны: 20 оқушы