Вечер чествования выпускников

Құрметті Геологиялық барлау колледжінің түлектері! Сендердің төрт жыл бойы колледжімізден алған білімдерің мен тәлім-тәрбиелерің өмірлік азық. Жүрген жерлеріңде Геологиялық барлау колледжінің мерейін асқақтатып жүріңдер. Оқу орнымыздың мәртебесін асқақтату – яғни алған білімнің жемісі мен жеңісін көрсету. Бітіруші түлектер, сендер білім алу барысында колледжге білдірген шынайы сезімдерің үшін зор алғыс айтамыз. Колледж туралы естеліктерді жүректеріңе сақтандар және білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңды ешқашан ұмытпаңдар! Бүгін сендер дипломдарыңды қорғап, ересек өмірге қадам жасаумен қатар, еңбек өміріне жолдама алып отырсыңдар. Сендердің әр бірің – колледждің бөлшегісіңдер: біз өздеріңді әрқашан мақтан етеміз. Ертең сендер өз колледждеріңнің атын әлемге абыроймен шығарып, биік белестерден көрсетеді дегенге сенімдеміз. Сендерге денсаулық, еңбектеріңнің табысты болуын тілейміз. Тек биікке самғай беріңдер! Ақ жол, түлектер! #Жастүлек2021