Декада первокурсников

Қайырлы күн!

Колледжімізде 06.09.2021- 10.09.21 ж. аралығында бірінші курс және жаңадан қосылған студенттерге арналған апталық сәтімен аяқталды.

Бекітілген жоспар бойынша барлық іс-шаралар оңтайлы түрде іске асты.

Бұл апталыққа 1-курс студенттерінің 12 тобы қатысып, колледжіміздің өмірімен жалпы танысып өтті. Апталық аясында келесідей іс-шаралар қамтылды:

  • Геологиялық барлау колледжінің тарихи мұражайымен таныстыру
  • Геологиялық барлау колледжінің минералогия мұражайымен таныстыру
  • Кітапханамен танысу, кітап қоры жайлы ақпарат беру
  • Үйірмелер мен спорт секциялары, әртүрлі клубтар жұмысымен таныстыру
  • Колледж хорына қатысу бойынша тыңдау өткізу
  • Колледж әкімшілігінің ұйымдастырылуымен барлық 1-курс студенттерімен «Ішкі тәртіп ережелері туралы» акт залында жалпы жиын өткізу
  • Топ жетекшілерімен топтарда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттарын өткізу
  • Топ жетекшілерімен топтарда әйгілі спорт қайраткері Айбек Нұғымаровтың адалдық жайлы айтқан ойларымен таныса отырып, «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаттарын өткізу

Осылайша, 1-курс студенттерін колледж қабырғасының студенттер қатарына қабылдаудың алғашқы қадамдары сәтті түрде іске асты. Алда әлі де қызықты, танымды тәрбие сағаттары мен әртүрлі бағыттағы іс-шаралар күтіп тұр.

1-курс студенттеріне «Алғашқы қадамдарың құтты болсын!» демекпіз!