WorldSkills Shygys – 2021 аймақтық чемпионаты

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің  ББ КМКҚ «Геологиялық барлау колледжі»  2018 жылдан бастап WorldSkills Shygys аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына белсенді түрде қатысуда.

«Рухани Жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында,  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың кәсіпорындарымен бірлесе отырып, Өскемен мен Семей қалаларындағы колледждердің базасындағы құзыреттілік орталықтары мен облыстың жетекші колледждерінде ағымдағы жылдың 4-8 қазан аралығында, аймақ колледждерінің, жоғары оқу орындарының 300-ден астам студенттері мен түлектерінің қатысуымен және облыс кәсіпорындарының жұмысшы жастар арасында WorldSkills Shygys – 2021 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізілді.

КМКҚ «Геологиялық барлау колледжі» «Лабораториялық және химиялық талдау» құзіреттілігі бойынша қатысты.Бұл чемпионатта жас кәсіпқойлар өз шеберліктері мен дағдыларын, ерекше шығармашылық әлеуетін толық көрсетіп, күрделі кәсіби міндеттерді сапалы және жедел шешуге қабілетті екенін дәлелдей алды.  Чемпионат қатысушыларына облыс кәсіпорны «KAZ Minerals Aktogay» жетекші мамандары мен кәсіби қазылар алқасы баға берді.  Аймақтық чемпионаттың жеңімпазы Молдабаева Диляра атанды.

Әрбір қатысушы -үздік кәсіпқой, өз ісінің нағыз шебері.