2023 жылдың сәуірдің 19 күні Семей қаласында Геологиялық барлау колледжінің базасында «Химиялық талдау зертханашысы» құзыреті бойынша «WorldSkills Abai 2023» І облыстық чемпионаты – кәсіби шеберлік сайысының 2-ші күні өтуде.
Бүгін байқау бағдарламасында қатысушылар В – нан-тоқаш өнімдерінің қышқылдылығын анықтау және С – қалалық су желісінің суының кермектігін анықтау модульдері бойынша жұмыс жасады. Қатысушылар ерітінділердің қышқылдылығын, кермектігін анықтады, есептеулер жүргізді, реакция теңдеулерін жазды.
Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Мықтылар жеңіске жетсін!
#WorldSkills2023
#WorldSkillsAbai2023
@abai_imc
@abai_bilim_basqarmasy
@abai_oblysynyn_akimdigi
@talap.edu_kz