2023 ж қыркүйектің 20 күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы КМҚК «Геологиялық барлау колледжіне» іс сапармен келді.
Сапар барысында вице-министр колледж тарихы мұражайында болып, «Жас маман» жобасының геологиялық саланың заманауи жабдықтары ұсынылған құзыреттілік орталығымен танысты.
Колледж студенттерімен кездесуде Олжас Темірбекұлы жастардың заманауи әлемде өмір сүруге дайын болуының маңыздылығын атап өтті, онда кәсіби дағдылардан басқа, шығармашылықты, оқуға және өзгерістерге бейімделуді, командалық жұмысты ұйымдастыра білуді, әріптестерімен келіссөздер жүргізуді білдіретін Soft skills икемді дағдыларының кең спектрін алу қажет екенін атап өтті.
Кездесу жанды бейресми атмосферада өтті және қатысқан студенттердің әрқайсысы сұрақтар қоя алды.
Вице-министр «Еңбек KZ» порталы туралы сұрақтарға жауап берді.