«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-ДАН УНИВЕРСИТЕТТЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-ДАН УНИВЕРСИТЕТТЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Егер сіз бұл сұраққа «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда тағы 2 сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз…

1. Сіз 1,2,3 курс студентісіз бе немесе мектеп, колледж түлегісіз бе? Оқу грантын алып үлгермедіңіз бе?
2. Сіз техникалық мамандықта оқисыз ба немесе таңдағыңыз келе ме?

Егер сіз 2 сұраққа да «иә» деп жауап берсеңіз, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Murager бағдарламасы арқасында бір жылдық грантты қалай ұтып алуға болатыны туралы толығырақ біліңіз.

Барлық мәліметті жобаның ресми сайты https://murager.kazatomprom.kz/ru және бағдарламаның @muragerprogram Instagram парақшасынан біле аласыз.

Егер сіз Murager бағдарламасына қатысуға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, сайтқа кіріп, бағдарламаға қатысуға өтініш беруіңізге болады. Мерзімі: 2024 жылғы 22 мамырдан 14 тамызға (Астана уақыты бойынша 23.59-ға) дейін.

Іріктеу турларының нәтижесі бағдарламаның сайты мен Instagram парақшасында жарияланады.