Хромтау тау-кен-техникалық жоғары колледжіндегі спорттық-мәдени шара: командалық жеңіс және ынтымақтастық туралы меморандум

19.04.2024 ж. – 21.04.2024 ж. аралығында Ақтөбе облысының ББ «Хромтау тау-кен-техникалық жоғары колледжі» МКҚК базасында оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған колледждің 45 жылдығына арналған студенттік спорттық-мәдени іс-шара өтті. Қатысушылар қатарында біздің колледж командасы да болды. Жігіттер жақсы білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, соның арқасында үшінші орынға ие болды. Осы форум аясында колледждер арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.