2024 жылдың 23 қазанында Семей қаласында «ProfCity-2024» кәсіби бағдарлау бойынша ауқымды іс-шара өткізілді

2024 жылдың 23 қазанында Семей қаласында «ProfCity-2024» кәсіби бағдарлау бойынша ауқымды іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялған еді. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына оқыту бағыты мен болашақ кәсіби қызметті таңдауға кәсіби бағдарлау бойынша қолдау көрсету. Іс-шараға 7-10 сынып оқушылары қатысты. Геологиялық барлау колледжі барлық мамандықтар бойынша таныстырылым ұсынды. Колледж студенттері мектеп оқушыларына. болашақ мамандықтарының қызықты жақтарын тәжірибеде сезіну және көруі үшін кесте-ойындар дайындады. Біз осындай іс-шаралар жас буынның өз жолын табуына және болашақта жетістікке жетуіне шабыт береді деп сенеміз!