«Жас геолог» үйірмесі 9-сынып оқушыларына арналған сабақтарын өткізеді.

Сабақтардың басты мақсаты – кәсіби бағытталған талапкерлер контингентін қалыптастыру, сондай-ақ геологиялық барлау колледжіне түсуге ниетті дарынды, зияткерлік деңгейі жоғары оқушыларды анықтау болып табылады.

Сабақтар дайындық курстары басталардан бір сағат бұрын өткізіледі. Оқу бағдарламасына мыналар кіреді:

  • геологияның негізгі ұғымдарымен танысу;

  • минералдар мен тау жыныстарын анықтау;

  • кәсіби дайындық дағдыларын меңгеру.

«Жас геолог» үйірмесіндегі сабақтар мынадай нәтижелерге ықпал етеді:

  • оқушылардың берілген материалды өз бетінше зерттеу бойынша білімдері мен бастапқы дағдыларын қалыптастыруға;

  • бақылаушылық қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және тұлғаның өзін-өзі танытуына;

  • өсіп келе жатқан ұрпақ арасында тау-кен-геологиялық білімді насихаттауға.

«Жас геолог» үйірмесінің қатысушылары халықаралық және қазақстандық геологиялық олимпиадаларға үнемі қатысып отырады. Бұл олимпиадалар бағдарламасы туралы бейнероликтен біле аласыз.

Үйірменің белсенді қатысушылары жетекшісінің ұсынысы негізінде колледжге қабылдау кезінде қабылдау комиссиясы ескеретін қосымша және маңызды «артықшылықтарға» ие болады. Мысалы, Екінші Республикалық далалық олимпиадаға қатысқан жас геологтар бірінші курсқа қабылданған болатын.

ЖАС ГЕОЛОГТАРДЫҢ V ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ