Семей қаласының геологиялық барлау колледжі жұмысшы мамандықтары бойынша біліктілік беру және біліктілікті арттыру ісін дәстүрлі түрде жалғастырып келеді.

Колледждегі оқу – бұл жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі және мақсатты процесс, мамандарды даярлау сапасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Біліктілік беру және біліктілікті арттыру курстарының негізгі бағыты – оқытуды өндірістік тәжірибемен ұштастыру негізінде даярлау сапасын түбегейлі жақсарту. Бұған «Бұрғылау қондырғысының машинисі», «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық технологиялар», «Топырақ талдау зертханашысы» сияқты 2 айлық және 3 айлық курстар ықпал етеді.

Жұмысшы мамандықтары бойынша біліктілік беру және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру үшін колледждің тиісті материалдық-техникалық базасы бар. Сабақтар дүйсенбіден сенбіге дейін өткізіледі.

Курстарды аяқтап, емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға біліктілік берілгенін растайтын мемлекеттік үлгідегі куәлік және сертификаттар тапсырылады.

Сонымен қатар колледж студенттері үшін ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылған. Ал жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары үшін колледжге түсуге дайындық курстары өткізіледі.

Дайындық курстары

Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық технологиялар курстары

Бұрғылау қондырғысының машинисті» курстары

Оқу курстарының бағдарламалары