«Шешендік өнер » үйірмесінің
жұмыстары
Біздің колледжімізде «Шешендік өнер» клубы жұмыс істейді.
Үйірме мақсатының негізгі бағыттары:
- Колледж студеттеріне ораторлық қабілетті меңгеруге көмек беру.
- Сөз мәдениетіне бейімдеу.
- Қоғамға деген қызығушылықты арттыру.
- Жас өспірімдердің ойлау кабілеттерін жетілдіру.
- Қоғамда болып жатқан саяси және басқа жағдайларды сараптай білуге.
- Нақты әрі анық сөйлеуге мүмкіндік туғыза отырып, шешендік қабілетін арттыру.
Үйірме жетекшісі: Омарбекова Жадыра Социаловна.Үйірме төрайымы Ондабаева Аружан. Бағдарлама бір жылға 76 сағат.Үйірме мүшелері өз жиналыстарына тарихи қоғамдық, өмірлік мәліметтер жинап, әртүрлі тақырыптарды қозғап, өздерінің білімін дамыту үстінде. Колледж студенттері арасында «Шешенлік өнер» клубына қызығушылықтары байқалады. Студенттер сөйлеу мәнерін, ойлау қабілеттерін,білімін, жан – жақты дамытты. «Шешенлік өнер» клубында 1 – 2 курс студенттері арасында пікір сайыс ойындары өтіп тұрады. Пікір сайыста өзгелерден оза шапқан, тілдерімен орақ орған, іріктелген екі команда бақтарын сынап, тақырыптардың ажарын ашып, зияны мен пайдасын айқын айшықты түрде жеткізе біледі. Сыннан мүдірмей, қажырлықтары мен дараланған топ жеңіске жетіп, онда үздік спикер атағымен, І – ІІ – ші орын иелерімен марапатталып отырады. Сонымен қатар студенттер арасында колледжішілік дөңгелек үстел өткізіліп тұрады.Үйірме қатары 2019 – 2020 оқу жылының І – ші семестр бойынша 38 студентті құрады.Үйірме мүшелері апта сайын ақпарат таратумен айналысады. Олар келесідей тақырыптарды студенттерге таратып,талқылау мен айналысады. «Қазіргі әлемдегі дін», «Туризмнің зиянынан пайдасы көп деп есептейсіз бе?», «Қазіргі таңда басты қауіп неде?», «Өлген адамдардың алдын ала келісімінсіз мүшелерін трансплантациялауға рұқсат беру дұрыс па?», «Түркі мемлекеттері бірігуі керек пе?» атты тақырыптар бойынша пікір сайыс ойындары өткізілді.
2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі студенттерінің арасындағы Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне арналған « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты IV облыстық Президент оқулары байқауында жүлделі I орын Мұңылықов Абзал иеленсе, 2018 жылы ІІ – орынды Төлеуғазыев Едіге иеленді.
Аймақтық тарих-жеке тұлғаның, рухани адамгершілік дамуын және азаматтылықты қалыптастыру негізі атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциядан Мақсатова Мадира ІІІ орынды иеленді.
Елбасы жолдауы аясында «Жастар жылы-2019» атауына байланысты қалалық деңгейде өткен «Қазіргі қоғамдағы экстремистік мәселелер» атты дөңгелек үстел жұмысында ұшқыр ойымен ерекше көзге түскен Оңдабаева Аружан І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019жылы «Жастар жылы» аясында Семей көп салалы колледжінің ұйымдастыруымен «SMK CUP» атты қалалық колледждер арасында өткен пікірсайыс турнирінде І-дәрежелі дипломмен «Жалын» фракциясы марапатталды.
Жасөспірімдердің ойлау қабілеттерін жетілдіру; қоғамда болып жатқан саяси және басқа жағдайларға деген өз пікірін айтуға; оны дұрыс сараптап, жақсы ой түюге, нақты әрі анық сөйлеуге, шешендік қабілеттілікті арттыруға, жан-жақты ойлауын жетіліруге, ойын сараптай білуге, тез дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету.
2019 – 2020 оқу жылы «Шешендік өнер»
үйірмесінің мүшелерінің тізімі:
№ | Аты — жөні | Группа | Курс |
1 | Ондабаева Аружан | Гк – 71а | ІІІ |
2 | Құмарова Алуа | Гк – 71а | ІІІ |
3 | Әскержан Ғани | Гк – 81 | ІІ |
4 | Рамазан Мақсат | Гк – 81 | ІІ |
5 | Уалиханов Сұлтан | Гк – 81 | ІІ |
6 | Берік Нұрбол | Гк – 81 | ІІ |
7 | Ерғазы Есхат | Гк – 82 | ІІ |
8 | Мамыр Арсен | Гк – 82 | ІІ |
9 | Қожахмет Диас | Гк – 82 | ІІ |
10 | Қайролдаев Алибек | Гк – 82 | ІІ |
11 | Асқаров Арман | Гк – 82 | ІІ |
12 | Манатов Нұржан | Гк – 82 | ІІ |
13 | Рахимов Жасұлан | Гк – 82 | ІІ |
14 | Қарымсақов Несібелі | Гк – 82 | ІІ |
15 | Мақсатова Мадира | Фк – 81а | ІІ |
16 | Акантаев Ельдар | Бк – 82 | ІІ |
17 | Ерзатұлы Ерболат | Бк – 82 | ІІ |
18 | Мәлібекова Ұлжан | ОСк – 81 | ІІ |
19 | Беккәрімова Аңсаған | ОСк – 81 | ІІ |
20 | Көрегенов Құнанбай | Бк — 92 | І |
21 | Шарипханов Нұртас | Бк — 92 | І |
22 | Тұрарбек Айту | Бк — 92 | І |
23 | Берікұлы Ерасыл | Бк — 92 | І |
24 | Оразбеков Абылай | Бк — 92 | І |
25 | Серікбеков Алибек | Бк — 92 | І |
26 | Бақытбеков Жарқын | Бк — 92 | І |
27 | Жақсыбеков Азамат | Бк — 92 | І |
28 | Тойғанбаев Алижан | Бк — 92 | І |
29 | Аділұлы Мақсат | Бк — 92 | І |
30 | Ахметов Ерзат | Бк — 92 | І |
31 | Ахметов Ерзат | Бк — 92 | І |
32 | Мерекеов Арсен | Гк – 92а | І |
33 | Мырзағалиев Жандос | Гк – 91а | І |
34 | Шорганов Мади | Гк – 91а | І |
35 | Бекбосынова Аяжан | Гк – 91а | І |
36 | Серикова Аяулым | Ик — 91 | І |
37 | Нығметжанов Ерзат | Ик — 91 | І |
38 | Садуақасов Ермахан | Бк – 72 | ІІ |