Кеңес жұмысы «02.09.2019 ж. Қамқоршылық кеңесі туралы» Ереже негізінде жүзеге асырылады, отырыс жоспарға сәйкес жылына 3 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңесі колледж студенттерінің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттермен және мүгедек балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді, колледж қызметімен, студенттерге ұсынылған жағдайлармен танысады, колледж қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді (ыстық тамақ беру, асханадағы бағаны қадағалау).
Нақты жетістікке мен бақылауға қол жеткізу мақсатында студенттерді практикаға бөлу және жұмысқа орналастыру жөніндегі комиссия құрамына кіреді, колледжді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасайды.