Жалпы техникалық пән бірлестігі «МИФ» деп атауға болады, себебі оған Математика, Информатика, Физика оқытушылары кіреді.

      2012 жылдан бастап комиссияның аға оқытушысы физика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің оқытушысы Беспалова Светлана Викторовна болып тағайындалған.

     2015 жылдан бастап ПБ оқытушылары Семей қаласының мектеп оқушылары үшін физика және математика пәндері бойынша қалалық олимпиада өткізеді. Олимпиаданың өткізу  мақсаты —  ҚМҚК «Геологиялық барлау колледжіне» түсуге қызығушылығын ояту және ынталандыру.

      Пән бірлестігі жұмысы аясында қызығушылық бойынша «Event»клубі жұмыс істейді.

     Жалпы техникалық ПБ құрамына 8 оқытушы кіреді. Біздің ПБ оқытушылары әртүрлі жастағы және жұмыс тәжірибесі мол, креативті идеялары бар, спортпен шұғылданатын және де шығармашыл адамдар.

  1. Беспалова Светлана Викторовна-бірлестіктің аға оқытушысы, физика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің оқытушысы. Еңбек өтілі-22 жыл
  2. Адылханова Света Кенеспековна-математика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-29 жыл, бірінші санатты оқытушы
  3. Ордаев Нуркен Егимбекович-физика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-19 жыл.
  4. Толпегина Надежда Юрьевна-математика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-15 жыл, бірінші санатты оқытушы
  5. Маманов Кайрат Кусаинович-физика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-5 жыл, екінші санатты оқытушы
  6. Кабзолданова Алия Сайлаубайқызы-физика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-7 жыл, екінші санатты оқытушы.
  7. Ергалиева Айжан Бекжановна-информатика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-10 жыл, екінші санатты оқытушы.
  8. Аманғалиев Дастан Аманғалиұлы-информатика пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі-2 жыл, санатсыз.

     Математика, Информатика, Физика –олар ақыл-ойға гимнастика болып табылатын ғылымдар. Онда дәлдік пен тапқырлық, сандар, әріптер мен ойындары бар. Өмірде бұл аталған ғылымдарсыз өмір сүре алмаймыз!