31 қазан 2025 ж КМҚК «Геологиялық барлау колледжінде» «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі»атты IX-шы облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Колледждің жыл сайынғы дәстүріне айналған конференцияны өткізу студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға, олардың ғылыми қызығушылықтарын қолдауға және белсенді, шығармашылықпен ойлайтын ұрпақты қалыптастыруға бағытталды.
Іс — шара талантты басшы, танымал педагог және жоғары мәдениетті, үлкен жүректі ұстаз , бар күш-жігерін жастарға білім беру мен тәрбиелеуге арнаған Әлмұханов Марал Альбекұлын еске алуға арналды.
Конференцияныңбасты мақсаты — студенттердіңғылымғадегенқызығушылығындамыту, бастамашылыққажәнежетістіккеұмтылуғатәрбиелеу.
Конференцияға Сібір геофизикалық колледжі,Хромтау тау-техникалық колледжі және Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы колледждерінен барлығы 153 студент қатысты . Қатысушылар экономикаға IT-технологияларды енгізу, Тіл және сөйлеу мәдениеті мәселелері, мәдениетаралық коммуникация, мәдени мұраны сақтау, озық технологияларды игеру сияқты өзекті бағыттар бойынша зерттеу жобаларын ұсынды.
Студенттердіңжұмыстарыөзектілігімен,зерттеутереңдігіменжәнешығармашылығыменерекшеленді.Үздікжобаларсараптамакомиссиясының шешімімен анықталдыжәнедипломдармен марапатталды.
Конференцияны өткізу колледж өміріндегі және өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі маңызды оқиға болды. Ғылыми-тәжірибені ортаға сала отырып жас зерттеушілерді біріктірді, оларды жаңа жетістіктерімен шабыттандырды . Саналы ғұмырын білім беру саласын дамытуға және жастардың талантын ашуға арнаған дарынды педагог М.Ә. Әлмұқановқа арналған конференция оның білім саласындағы игі істерін жалғастыруға арналған маңызды іс-шара болды.









