Интеллект, білім және жеңіске ұмтылыс!

 24.04.2026 жылы Геологиялық барлау колледжінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған білім сайысының негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын дамыту және дарынды жастарды анықтау.

Олимпиада барысында қатысушылар Қазақстан тарихы, математика, физика, химия және ағылшын тілі пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.

Жалпы қорытынды бойынша Абай облысының әртүрлі жалпы білім беретін мектептерінен 152 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, білім мен бәсекеге қабілеттіліктің жоғары үлгісін танытты.

Нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар:

Қазақстан тарихы бағыты бойынша (секция: Қазақстан тарихы):
І орын – Омаров Алинур, КММ №11 ЖОББМ
ІІ орын – Ерболқызы Әдемі, №22 мектеп
ІІІ орын – Серікжанқызы Кәусар, №16 мектеп
ІІІ орын – Сәкенов Олжас, КММ «№50 IT мектеп-лицейі»

Химия бағыты бойынша:
І орын – Губанькова София, №28 ЖОББМ
ІІ орын – Турсунгалиев Бексултан, КММ №8 ЖОББМ
ІІІ орын – Сатпаева Асия, КММ №31 ЖОББМ
ІІІ орын – Кадирбаев Ерұлан, №11 ЖОББМ

Ағылшын тілі бағыты бойынша:
І орын – Джафарова Сагдана, КММ №29 ЖОББМ
ІІ орын – Болатханова Тамирис Азаматқызы, КММ №35 ЖОББМ
ІІІ орын – Жамбылова Алима Сериковна, КММ «Н.Г. Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ»
ІІІ орын – Қырықбай Санжар, КММ №22 ЖОББМ

Физика бағыты бойынша:
І орын – Осадчий Матвей, КММ «Экономикалық лицей»
ІІ орын – Мағауия Нұрсұлтан, №22 лицей
ІІІ орын – Ануарбеков Арсен, Шәкәрім атындағы №5 гимназия
ІІІ орын – Беспаев Тимофей, №7 мектеп-лицей

Математика бағыты бойынша:
І орын – Жұмабек Алижан, Шәкәрім атындағы №5 гимназия
ІІ орын – Каражигитов Асанали, №43 ЖОББМ
ІІІ орын – Гафаров Зариф, №31 ЖОББМ
ІІІ орын – Кеңесбек Бекжан, №50 IT мектеп-лицейі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Олимпиада оқушылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, олардың алдағы білім жолына жаңа серпін берді.