95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЕШІ!

Геологиялық барлау колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған апталық аясында студенттерді біріктірген жарқын Спорттық кеші өтті! 🎉

Іс-шараға спорт ардагері Даукеева К. Ж., сондай-ақ колледждің спортшы түлектері Коциенко И. және Бейсенов Ж. қатысты. Олардың спорттағы тәжірибесі мен жетістіктері жас ұрпаққа үлгі болып, студенттерге үлкен мотивация берді. 🏅
Спорт — бұл тек жарыс емес, достық, бірлік, мықты мінез және командалық рух! ❤️

🏅Спорт апталығының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер жоғары нәтижелері, белсенділігі және жеңіске деген жігері үшін грамоталармен марапатталды.

Колледждің спорттық дәстүрлері жалғасын тауып, түлектеріміздің жетістіктері жас ұрпақты жаңа жеңістерге шабыттандырсын! 🏆