Бұрғылау пән бірлестігі күндізгі және сырттай бөлімдерде жұмыс жүргізетін арнайы бұрғылау пәндерінің бірлестігі болып табылады.
Бұрғылау пән бірлестігінің негізгі білім беру мақсаты студенттерді бұрғылау жұмыстарының технологиясына үйрету, сонымен қатар бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын құрал-жабдықтармен, оны жөндеу және оған техникалық күтім жасау тәсілдерімен таныстыру болып табылады.
Бірлестіктің тәрбиелік мақсаты — жауапты, атқарушы және тәртіпті мамандарды даярлау.
Бұрғылау пән бірлестігінің оқытушылары келесі пәндерді оқытады: ұңғымаларды бұрғылау, тау-кен ісі, автомобильдер мен тракторлар, тау-кен және бұрғылау жабдықтары, металлтану, сызу, гидравлика және жуу сұйықтығының негіздері және т.б., сонымен қатар цикл пәндерінің өндірістік және оқу тәжірибелері.
Бұрғылау ПБ құрамына 9 оқытушы кіреді:
Абикешев М. Р. — аға оқытушы
Жасыкпаев Р. А. — өндірістік жұмыс шебері
Мусин А. Т. — арнайы пәндер оқытушысы
Омарбеков У. Б. — арнайы пәндер оқытушысы
Макажанов А. М. — арнайы пәндер оқытушысы
Оралбаев А. Е. — арнайы пәндер оқытушысы
Кулжанбеков Ж. Б. — арнайы пәндер оқытушысы
Жумашев Б. С. — арнайы пәндер оқытушысы
Байдола А. С. — арнайы пәндер оқытушысы