Декада празднования Наурыз мейрамы. День четвертый

Бүгін Наурыз мейрамын мерекелеудің төртінші күні-Ел тарихының күні. Наурыз мейрамы – көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.

Сегодня четвертый день празднования Найрыз Мейрамы – День истории страны. Наурыз – праздник весны, для народов Центральной Азии является Новым годом. В советское время, причисленный к религиозным праздникам, был под запретом. И лишь с 1990 года его официально начали праздновать в Казахстане. В 2001 году Наурыз стал государственным праздником. Праздник Наурыз для всего народа имеет огромное значение как день весеннего равноденствия, символ обновления природы и связанных с ними надеждами на благополучие и процветание.