2021 жылдың 27- ші қыркүйегінде, Семей қаласының Геологиялық барлау колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2-3 курстар арасында «Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлі» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Тәуелсздік жылдарында Қазақстан әлемдік саясатта талассыз халықаралық беделге ие мемлекеттердің қатарында. Еліміз Еуразияның басты мемлекеттерінің бірі болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы бірлігін сақтап,ішкі кикілжіңдердің алдын ала білді.Сонымен қатар қырғи- қабақ соғыс,ядролық қару сынды сын қатерлерден аман өтіп, өзге елдерге үлгі бола білген мемлекет екенімізді студентер жоғары дәрежеде сараптап,Қазақстанның әлемдік аренадағы орыны ерекше екендігін атап көрсетті.
Турнирға қатысқан «Жарқын» фракциясы І – орын, «Қыран» фракциясы ІІ- орын, «Егемен» және «Болашақ» фракциялары ІІІ- орынды иеленіп, грамоталармен марапатталды. «Үздік спикер» атағын Гк-01 тобының студенті Мұратова Сабина иеленді. Дебат турнирі қызықты,әрі тартысты өтті.