2022 жылдың 13 ақпанында колледж қабырғасында “Қазіргі қоғамдағы экстремизмнің көріністері және онымен күресу” тақырыбында дебат өтті. Студенттер қоғамдағы бұл құбылысты жоюдың тиімді тетіктері мен экстремизмнің кез келген түріне теріс көзқараста екендерін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша Г-91 тобының студенті Шафигуллин И. мен Б-01. тобының студенті Кудербаев Е. 2 орын, ОС-01 тобының студенті Даулетказы А. мен Б-01 тобының студенті Альховский К. 1 орын иеленсе, ОС -01 тобының студенті Даулетказы А. ең үздік спикер атанды.