В колледже прошел 2-й конкурсный день «WorldSkills Abai – 2023»

2023 жылдың сәуірдің 19 күні  Семей қаласында Геологиялық барлау колледжінің базасында «Химиялық талдау зертханашысы» құзыреті бойынша «WorldSkills Abai 2023» І облыстық чемпионаты – кәсіби шеберлік сайысының 2-ші күні өтуде.

Бүгін байқау бағдарламасында қатысушылар В – нан-тоқаш өнімдерінің қышқылдылығын анықтау  және С – қалалық су желісінің суының кермектігін анықтау модульдері бойынша жұмыс жасады. Қатысушылар ерітінділердің қышқылдылығын, кермектігін анықтады, есептеулер жүргізді,  реакция теңдеулерін жазды.

Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Мықтылар жеңіске жетсін!

#WorldSkills2023

#WorldSkillsAbai2023

@abai_imc

@abai_bilim_basqarmasy

@abai_oblysynyn_akimdigi

@talap.edu_kz