«9 мамырда біз соғыстан да үлкен жеңіске жеттік» тақырыбында «Шешендік өнер» дебат үйірмесінің студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті.

      24.04.2023 ж колледжде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 78 жылдығына арналған «9 мамырда біз соғыстан да үлкен жеңіске жеттік» тақырыбында «Шешендік өнер» дебат үйірмесінің студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті. Турнир барысында студенттер бұл жеңістің тек КСРО үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңыздылығын орынды және анық атап өтті.Турнир қорытындысы бойынша: ОСк-22 топ студенті Қапашев Еркежан  мен ОСк-22 топ студенті Біржанұлы Едіге ІІ-ші орынды  және Гк-91а топ студенті Нұролла Еркебұлан  мен Мейрбекова Ұлжан ОСк-02 топ студенті І-ші орынды иеленді. «Үздік спикер» атағы Гк-91а топ студенті Нұролла Еркебұланға берілді.