2024 жылғы 10 желтоқсанда «EXPLORATION DRILLING» ЖК-мен ынтымақтастық шеңберінде информатика кабинеті үшін

 

 

2024 жылғы 10 желтоқсанда «EXPLORATION DRILLING» ЖК-мен ынтымақтастық шеңберінде информатика кабинеті үшін он жүйелік блокты колледжге салтанатты түрде беру өтті. Қайырымдылық көмекті компания басшысы-Жақыпов Руслан Рахымғалиев табыстады. ArcGIS, Micromine, AutoCad және т.б. сияқты арнайы бағдарламаларда жұмыс істей білу заманауи маман үшін міндетті талаптардың бірі болып табылады. Бұл компьютерлер ГАЖ саласындағы бағдарламаларды игеруге үлкен үлес қосады.
Колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер материалдық-техникалық базаны нығайтуға көрсеткен көмегі үшін компанияға алғыс білдіреді.