Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай колледжде «Абайтану» үйірмесі жұмыс істейді. 2004 жылдан бері «Гаухартас» деген атпен шығармашылық жұмыс атқарып келген драма үйірмесінің ендігі уақытта «Абайтану» деп аталуы да рухани жаңғырудың бір белгісі десе болады. Үйірме қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін, ақындық өнерді мен шешендікті дәріптейтін, түрлі қойылымдар ұйымдастыруға, әртүрлі іс-шаралардың сценарийін жазуға, құрастыруға қабілетті студенттерден құралған. Үйірме отырыстары жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Қыркүйек айында топ студенттерін үйірмеге тарту жұмыстары жүргізіледі. Қазан айында әр топтың өлең шығаратын,әңгіме жазатын студенттерінен құрылған үйірме мүшелерінің тізімі жасалды. Бүгінгі таңда үйірме 17 студентпен жұмыс жасайды:
- Берік Нұрбол-Гк-81
- Мүбарак Айдос- Гк-81
- Тынысбай Дайырхан- Гк-81
- Тасқайратов Сұлтан- Гк-81
- Уалиханов Сұлтан-Гк-81
- Тоқаева Ақерке Ик-71
- Айтбаев Нұрлан- Ик-71
- Айдынбек Шыңғыс Фкс-86
- Ахметбеков Шалқар- Ик-71
- Жомартұлы Бекзат- Ик-71
- Мәжитов Ерік-Ик-71
- Бакраев Абзал-Бк-82
- Карамышев Иван- Г-71
- Абылхайров Архат-Гк-86
- Елубаев Шыңғыс-Фкс-86
- Сұлтан Бейбарыс-Фкс-86
- Рамазанов Ма0сат-Гк-81
Қараша айында «Семей-ұлылар мекені» деген тақырыпта үйірме мүшелері арасында жыр сайысы, желтоқсан айында «Тәуелсіздіктің тарихы» деген тақырыпта шығармашылық отырыс өткізіліп, дайындығы жақсы студенттер колледж фойесінде «Менің Қазақстаным» тақырыбында өткен жыр сайысына қатысты. Онда Берік Нұрбол, Мүбарак Айдос, Тынысбай Дайырхан,Бақыт Әділбек қатысып,елбасы,егемендік, тәуелсіздік туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Үйірме мүшелерінің әдеби шығармашылыққа байланысты өтетін колледжішілік іс-шараларға қатысуы Тәуелсіздік күніне байланысты өткен кеште көрсетілді. Мұнда олар әдеби-музыкалық композиция дайындап, қазақтың Үш биі мен Абылайханның, Исатай мен Махамбеттің, күрескер ақын Сәкеннің және желтоқсан құрбандары Қ.Рысқұлбеков пен Е.Сыпатаевтың монологтарын оқыды. Әр ай сайын үйірме мүшелеріне қосымша балдар беріліп отырды.
ІІ-ші семестрде әңгіме, өлең, эссе жазудан басқа қалалық көркемөнерпаздар байқауына жыл тақырыбы Абайдың 175 жылдығына қойылым дайындау қарастырылуда.
