Колледж студенттерінің зерттеу әлеуетін анықтау және мемлекеттің дамуы үшін болашақ мамандардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мақсатында колледжде «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға үлес» атты студенттік ғылыми — практикалық конференция өткізу дәстүрге айналды:
— 12.10.2017 ж. Қалалық деңгей, 11 колледжден 73 қатысушы
— 26.10.2018 ж-облыстық деңгей, 16 колледжден 142 қатысушы
-25.10.2019 ж. — облыстық деңгей, облыстың 16 колледжінен 106 қатысушы.
2019 жылдың 25 қазанда «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК — да техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға үлкен үлес қосқан талантты басшы, ұйымдастырушы, көрнекті қоғам қайраткері Марал Әлмұқановты еске алуға арналған «Жас зерттеушілер шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға үлес» атты III облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты-студенттердің оқу іс-әрекетінің жетекші тәсілі ретінде зерттеушілік оқыту туралы түсінігін қалыптастыру; студенттердің шығармашылық зерттеу белсенділігін дамытуға ықпал ету, іргелі және қолданбалы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру; жобалық қызмет деңгейін одан әрі арттыру мақсатында студенттер арасында тәжірибе алмасу; дарынды және қабілетті студенттерді анықтау және қолдау, оларды шығармашылыққа және эксперименталды жұмысқа ынталандыру.
2019 жылы 5 тақырыптық секцияның жұмысын келесі сараптамалық комиссия құрамы басқарды: А. Р. Нигматуллина – қалалық білім бөлімінің ақпараттық — талдау және техникалық секторының жетекшісі, Г. Э. Усманова — «IRG Kazakhstan» ЖШС геоақпараттық жүйелер жөніндегі инженері, А. О. Тоқсамбаева- Семей қ., Шәкәрім атындағы университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, Қ. Т. Жакина — Семей қ., Шәкәрім атындағы университетінің көптілділік кафедрасының оқытушысы, И. М. Дюсекенова — шетел филологиясы және аударма теориясы кафедрасының доценті м.а., Г. А. Куребаева-педагогика ғылымдарының кандидаты, шет тілдер филологиясы кафедрасының меңгерушісі. З. В. Абдишева — биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының доценті, А. М. Төлеубай- физика — математика ғылымдарының және информатика кафедрасының оқытушысы Гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің директоры Б. Р. Серғазинова, «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК қоғамдық пәндер оқытушысы Н. А. Сағымбекова, қоғамдық пәндер ӘБ төрайымы А. К. Матаева — «Ертіс» ӘКК » АҚ Ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, Е. А. Жүкенов — «СемГарант»ЖШС коммерциялық директоры.
Студенттердің зерттеу жұмыстары үлкен қызығушылықпен тыңдалып, талқыланды. Барлық баяндамалар қызықты болды,оларды белсенді талқылау барысында терең зерттеуді талап ететін және кейінгі зерттеулер үшін негіз болатын көптеген сұрақтар туындады. Сараптау комиссиясы студенттердің ең үздік зерттеу жұмыстарын анықтап, «зерттеудің өзектілігі үшін», «өз көзқарасын талдай білгені және қорғағаны үшін», «жұмыстың үздік ұсынғаны үшін», «тақырыпты үздік ашқаны үшін», «эрудициясы және шығармашылық көзқарасы үшін»номинациялары бойынша марапатталды. Жыл сайын Әлмұханов Марал Әлбекұлын еске алуға арналған «жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға үлес» атты студенттік ғылыми — практикалық конференция тиісті ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейде өткізіледі, конференция қатысушылары мен қонақтарынан көптеген жақсы пікірлер алынды. Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылды.
— 30.10.2024 ж.-облыстық деңгей, 26 колледжден 226 қатысушы
2024 жылдың 30 қазанында КМҚК «Геологиялық барлау колледжінде» «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Геология саласының еңбек сіңірген қызметкері», техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткері Марал Әлбекұлы Әлмұхановты еске алуға арналған «Жас зерттеушілер шығармашылығы – бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға үлес» атты VIII облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Абай облысы Білім басқармасының «Инновациялық-әдістемелік орталығының» басшылығымен, облыстық әдістемелің орталықтың жоспары бойынша өткізілді.
Конференцияның міндеттеріне студенттердің зерттеушілік қабілеттерін дамыту, оқыту туралы түсініктерін дамыту; олардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын ояту, шығармашылық зерттеушілік әрекетін дамытуға ықпал ету; жобалық қызмет деңгейін одан әрі жақсарту білімді және қабілетті жастарды анықтау және қолдау, оларды шығармашылық пен эксперименттік жұмыстарға ынталандыру; жасанды интеллектпен әрекеттесудің жаңа формалары арқылы даму мәселелері жатады. Конференцияда электротехника, тарих, лингвистика, информатика және басқа салалардағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Конференция 6 секцияны қамтыды, оның ішінде «ІТ-технологияларды дамыту Қазақстан экономикасын жеделдетілген технологиялық жаңғыртудың бірінші (негізгі) басымдығы ретінде», «Табиғи ғылыми зерттеулер қоғам дамуының прогрессивті факторы ретінде» және т.б.секциялар бар.
Секциялық жұмыстарға облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың сарапшылары, Шәкәрім университетінің, Семей қаласы медициналық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері, колледж оқытушылары мен әлеуметтік серіктестер жетекшілік жасап, бағалады.
Конференцияға 26 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 226 студент қатысты. Олардың арасында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Жаңатас көпсалалы колледжі, ШҚО Абай атындағы гуманитарлық колледжі, С.Аманжолов атындағы жоғары колледжі, ГБПОУ НСО «Сібір геофизикалық колледжі» де бар.
Жеңімпаздар Абай облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Конференция қортындысы бойынша 1-ші орындар:
1 секция бойынша Спиридонов Александр, Муковозов Георгий «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ,
2 секция бойынша Жунисова Камила М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК ,
3 секция бойынша Атамбеков Адиль «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК,
4 секция бойынша Кажикенова Дильназ, Қабимоллаева Тогжан — М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК ,
5 секция бойынша Иманғалиева Сағыныш, Қанатбекова Балжан М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК,
6 секция бойынша Погорелов Данил «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК
— 31.10.2025 ж.- облыстық деңгей, 153 қатысушы
31 қазан 2025 ж КМҚК «Геологиялық барлау колледжінде» «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі»атты IX-шы облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Колледждің жыл сайынғы дәстүріне айналған конференцияны өткізу студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға, олардың ғылыми қызығушылықтарын қолдауға және белсенді, шығармашылықпен ойлайтын ұрпақты қалыптастыруға бағытталды.
Іс — шара талантты басшы, танымал педагог және жоғары мәдениетті, үлкен жүректі ұстаз , бар күш-жігерін жастарға білім беру мен тәрбиелеуге арнаған Әлмұханов Марал Альбекұлын еске алуға арналды.
Әлмұқанов М.А.Қазақстанныңтехникалықжәнекәсіптікбілім беру жүйесіндамытуғаелеуліүлес қосты, ол үшін бірқатармемлекеттікмарапаттарға ие болды: «Құрмет»ордені, «Мамандыққаадалдығы үшін»медалі, «ҚРБілім беру ісінің құрметтіқызметкері»,»ҚР Жер қойнауынбарлау ісінің құрметті қызметкері»,»ҚРгеологиясыныңқұрметтіқызметкері»»ҚР жер қойнауынбарлау ісінің үздігі»атақтарының иесі нағызпедагогретінде студенттердіңталантынаша білді, олардышығармашылықжәнезерттеушілікдамуға шабыттандырды, олардың білімге деген ұмтылыстарынқолдады.
Конференцияныңбасты мақсаты — студенттердіңғылымғадегенқызығушылығындамыту, бастамашылыққажәнежетістіккеұмтылуғатәрбиелеу.
Конференцияға Сібір геофизикалық колледжі,Хромтау тау-техникалық колледжі және Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы колледждерінен барлығы 153 студент қатысты . Қатысушылар экономикаға IT-технологияларды енгізу, Тіл және сөйлеу мәдениеті мәселелері, мәдениетаралық коммуникация, мәдени мұраны сақтау, озық технологияларды игеру сияқты өзекті бағыттар бойынша зерттеу жобаларын ұсынды.
Студенттердіңжұмыстарыөзектілігімен,зерттеутереңдігіменжәнешығармашылығыменерекшеленді.Үздікжобаларсараптамакомиссиясының шешімімен анықталдыжәнедипломдармен марапатталды.
І-ші секция бойынша
1-ші дәрежелі диплом Капитанұлы Б.(«Бизнес және сервис жоғары колледжі»),
ІІ-ші дәрежелі диплом Феоктисов К, Талғатова А. («Р.Бәйсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі»),
ІІ-ші дәрежелі диплом Болатұлы Т., Горбушина К,Сидрова В.(«Геологиялық барлау колледжі»)
Ш-ші дәрежелі диплом
Толегенова А., Ернсова Д., («М.Әуезов атындағы педколледж»),
Қажыкенова Д., Биғазина У., Аскарова А.,(«М.Әуезов атындағы педколледж»).
ІІ-ші секция бойынша:
1 орын: Шаяхметов Д. («Семей жоғары көпсалалы колледжі»),
2 орын: Киният А., Қасен А. («М.Әуезов атындағы педколледж»),
2 орын:Кәмілжан Ж («Семей жоғары көпсалалы колледжі»),
2 орын:Саханов М. («Геологиялық барлау колледжі»),Касенова К. («Қайнар»жоғары колледжі, Мырзахметова З («М.Әуезов атындағы педколледж») ,
3 орын:Оралбекова З. («М.Әуезов атындағы педколледж»),
Полехова П., .(«Бизнес және сервис жоғары колледжі»),
3 орын:Какимова Риза, («Авиценна» жоғары медколледжі); Жүнісқан Ақнұр («Бизнес және сервис жоғары колледжі»).
ІІІ-ші секция бойынша:
1 орын :Кежалина А. («М.Әуезов атындағы педколледж»),
2 орын: Кенжебай Ғ. . («М.Әуезов атындағы педколледж»),
3 орын: Мақсатова Ж («Д.Қалматаев атындағы медколледж»),,
3 орын:Сагатова А. («Геологиялық барлау колледжі»).
ІV секция бойынша:
1 орын :Махмутов Т., Сулейменова А. («Геологиялық барлау колледжі»).
2 орын: Ирхин Н. («Политехникалық колледж»),
2 орын:Омар Е («Д. Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжі»),
3 орын :Дюсембаева Е .(«Бизнес және сервис жоғары колледжі»),
3 орын:Адильбекұлы Ж, Дәурембеков С. («Геологиялық барлау колледжі»).
V секция бойынша:
1 орын: Мандат М. («Семей жоғары көпсалалы колледжі»),
2 орын :Кәдрбекова А. .(«Бизнес және сервис жоғары колледжі»),
2 орын:Ерсайынқызы А., Насриева Р.(«М.Әуезов атындағы педколледж»),
3 орын : Серікқажы А.,Қанатжанова.А., Мейрамбекқызы К. .(«М.Әуезов атындағы педколледж»),
3 орын:Семенова Ю.,Байтолықова Б. Уразова Н.(«Бизнес және сервис жоғары колледжі»).
VІ секция бойынша:
1 орын: Айдахметова Г. («Р.Бәйсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі»),
2 орын :Нуржанова М. («Геодезия ,картография және құрылыс жоғары колледжі») , Ержан Қ, Ғалымжанқызы Д. («Бизнес және сервис жоғары колледжі»),
2 орын:Оралов Д («Сібір геофизикалық колледжі»),
3 орын: Актайдаков Ә. («Геодезия ,картография және құрылыс жоғары колледжі»),
3 орын:Бурахина О. («Хромтау тау-техникалық колледжі»),
3 орын:Мамаканова Н. («Геологиялық барлау колледжі»),
3 орын:Еркінбек А. («С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі»).
Конференцияны өткізу колледж өміріндегі және өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі маңызды оқиға болды. Ғылыми-тәжірибені ортаға сала отырып жас зерттеушілерді біріктірді, оларды жаңа жетістіктерімен шабыттандырды . Саналы ғұмырын білім беру саласын дамытуға және жастардың талантын ашуға арнаған дарынды педагог М.Ә. Әлмұқановқа арналған конференция оның білім саласындағы игі істерін жалғастыруға арналған маңызды іс-шара болды.