«Геология қырандары» полицияға көмек көрсету жасағы студенттік орган болып табылады, оның жұмысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Топ мүшелері  Ішкі істер органдарының өкілдерімен бірге жұмыс істейді.

Негізгі міндеттері:

  •  ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға жәрдемдесу;
  • студенттік ортада құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу;
  • оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
  • оқу орны өткізетін бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында тәртіпті қамтамасыз ету;
  • оқу орнына іргелес аумақта тәртіпті қамтамасыз ету;
  • бұзақылық, жатақханаларда тұру ережелерін бұзуға қарсы күреске қатысу.